Оферта шартыОсы Шарт «MAKE MONEY» Жеке кәсіпкері (бұдан әрі – Компания) оларға мүдделі барлық тұлғалар үшін қызметтер көрсету туралы шарт жасасуға ұсынысы болып табылады.
1. Терминдер мен анықтамалар
1.1. Студент – осы Офертаның шарттарымен толық танысқан және келіскен және төлем немесе алдын ала төлем жасау арқылы акцепт арқылы өзінің келісімін растаған тұлға.
1.2. Қызметтер – видеосабақ форматында өтетін “J-Aryqta” авторлық 21 күндік арықтау марафоны. Видеосабақтардың тақырыбы Сайтта және Компанияның және оның жұмыскерлерінің әлеуметтік желілерінде жарияланады.
1.3. Сайт –
https://farizatoreali.kz мекенжайында орналасқан Компанияның веб-сайты:
1.4. Оферта – Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес жария оферта болып табылатын және Компанияның сайтында жарияланған осы құжат.
1.5. Тарифтер – Сайтта және Компанияның әлеуметтік желілерінде көрсетілген қызметтердің құны.
1.6. Компания – «MAKE MONEY» Жеке кәсіпкері – тіркеу туралы Талон № KZ84TWQ03045886
2. Шарттың пәні
2.1. Компания Офертаның шарттарына сәйкес Қызмет көрсетеді.
2.2. Компания өз қалауы бойынша Оферта шарттарына қайшы келмейтін барлық әдістерді қолдануға құқылы.
2.3. Оқыту студенттің алдын ала жіберілген кестесіне сәйкес Компаниямен таңдалған платформаларында (GetCourse және басқалары) жүргізіледі.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3.1. Студент құқылы:
3.1.1. Оферта шарттарына сәйкес қызметті алуға.
3.1.2. Үй тапсырмасын орындау мерзімін ұзартуды сұрауды.
3.1.3. Егер тарифте көзделген болса, сабақ жазбаларын алуды.
3.2. Студент міндетті:
3.2.1. Оқу үшін барлық қажетті жабдыққа ие болуды. Осы Офертаны қабылдай отырып, Студент Қызмет алу үшін барлық қажетті жабдықтар мен шарттар бар екенін растайды. Қызметті алу мүмкін болмауымен байланысты барлық ауыртпалықтарды Студенттің өзі көтереді.
3.2.2. Қызметтерді алу үшін қажетті барлық жабдықтар мен шығын материалдарын өз бетінше сатып алуға.
3.2.3. Үшінші тұлғаларға Қызмет көрсету шеңберінде алған мәліметтерін, материалдарын жарияламауға және ұсынбауға.
3.3. Компания құқылы:
3.3.1. Студент бұрын төлеген соманы Компанияның нақты көрсеткен Қызметтері мен жұмсаған шығындарын шегеріп қайтару арқылы, кез келген уақытта себебін түсіндірместен өз қалауы бойынша Қызмет көрсетуден бас тартуды.
3.3.2. Сабақ жазбаларын өз қалауы бойынша кез келген жолмен қамтамасыз етуге.
3.3.3. Студенттің Компания туралы пікірлерін және Сайтта, үшінші тұлғалардың ресурстарында жариялауға.
3.3.4. Студентке ол көрсеткен байланыс деректеріне жарнамалық хабарламалар жіберуге.
3.3.5. Студент Компаниямен, оның өкілдерімен және қызметкерлерімен заңсыз қарым-қатынас жасаған жағдайда Қызмет көрсетуді тоқтату. Бұл ретте заңсыз қарым-қатынас деп қорлайтын сөздер, қоқан-лоққылар, жала жабу, қудалаудың кез келген нысаны, балағат сөздерді пайдалану және заңға, этикаға және жалпы қабылданған нормаларға қайшы келетін өзге де әрекеттер түсініледі.
3.4. Компания міндетті:
3.4.1. Шартқа сәйкес Қызметті толық көрсетуге.
3.4.2. Құпияллық саясатын ұстануға.
4. Қызмет құны және төлеу тәртібі
4.1. Қызметтердің құны тарифтерде көрсетіледі не әлеуметтік желілерде жарияланады немесе Студентке алдын ала жеке жіберіледі.
4.2. Қызметтерге ақы төлеу оқу басталғанға дейін толық көлемде төленеді.
4.3. Студентке ол төлем жасаған соң барлық видеосабақтар ұсынылғандықтан, Қызметтер сол сәттен бастап толық көрсетілген болып саналады және алынған төлем қайтаруға жатпайды.
4.4. Компания кез келген уақытта Тарифтерді өзгертуге құқылы. Бұл ретте өзгерістер Қызмет құны төлеген Студенттерге әсер етпейді.
5. Тараптардың жауапкершілігі
5.1. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.
5.2. Студент Қызмет көрсету шеңберінде Компания ұсынған кез келген мәліметтерді, материалдарды жариялаған және үшінші тұлғаларға бергенде жауапты болады. Компания «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 49-бабы 1-тармағының 6-тармақшасына сәйкес Студенттен оған 100-ден 15000 айлық есептік көрсеткішке дейін өтемақы төлеуді талап етуге, сондай-ақ Компанияның шығындар мен өзге де келтірілген залалдарын өндіріп алуға құқылы болады.
5.3. Компания Қызмет көрсетілетін платформалардағы техникалық іркілістер үшін, телекоммуникациялық қызметтерді жеткізушілер тарапынан туындаған мәселелер үшін және Студенттерге Қызмет алуға кедергі келтірген Компанияның кінәсінен емес орын алған, өзге де мән-жайлар үшін жауап бермейді.
5.4. Компания ақпараттың дұрыстығын, практикалық қолданылуын және құндылығын қабылдау мен түсінуге жауапты емес.
5.5. Компания оқу нәтижелеріне, Қызметтердің Студенттің үміттеріне сәйкес келмеуіне кепілдік бермейді және жауап бермейді.
5.6. Оферта шарты бойынша міндеттемелерді іске асыру барысында туындаған, оферта шартын жасасу кезінде ақылға қонымды жағдайда күтуге болмайтын, не оны болдырмауға немесе еңсеруге болмайтын, сондай-ақ Тараптардың бақылауынан тыс тұрған төтенше күтпеген және алдын алуға болмайтын мән-жайлардың салдарынан орын алса, Тараптар оферта шарты бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
6. Дауларды шешу
6.1. Оферта және Қызмет көрсету шеңберінде туындаған барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі.
6.2. Сотқа дейінгі наразылықтар Тараптардың қолда бар байланыс деректеріне жіберіледі және алынған сәттен бастап 30 күн ішінде қаралады.
6.3. Даулар реттелмеген жағдайда, олар Компанияның орналасқан жері бойынша сотта қаралады.
6.4. Дауды шешу кезінде Қазақстан Республикасының материалдық және іс жүргізу құқығы қолданылады.
7. Өзге талаптар
7.1. Компания кез келген уақытта Сайтта өзгерістер жариялау арқылы Офертаны өзгертуге құқылы. Бұл ретте Компания бұл туралы студентке хабарлауға міндетті емес. Егер Офертада өзгеше көзделмесе, өзгерістер жарияланған сәтте күшіне енеді.
7.2. Офертамен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.